
Қаладағы жеке тұрғын үй секторында үйілген қар жиналып жатыр. Ауласындағы ақ ұлпаны көше бойына үйген тұрғындар көктемде су астында қалмас үшін мердігерлер жұмысты ширата түсті. Таң ата басталып, кеш бата аяқталатын тазарту жұмысына бірнеше компания тартылған. Әлі де бірнеше мердігер мекемемен арада келісім жасалады.