
Қазақстандықтардың 99 пайыздан астамы интернетпен қамтылған. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин "Digital Almaty -2021" форумында айтты. «Шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын жақсарту бойынша барынша жұмыс істедік. 2020 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 20 мың шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салудың аяқтадық.