ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

КӘРІЗ СУЫ ТАЗАРТЫЛАДЫ

22:42, 6 тамыз 2020

Ембі қаласы қайта түледі. Биыл әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеуге 2 миллиард теңге бөлінген. Қала тұрғындарының тынышын қашырған кәріз жүйесі жаңартылып жатыр. Тозығы жеткен жолдар қалпына келтірілді, тіпті жүргіншілер жолы салынды. Жұмыспен қамту, құрылыс жұмысы туралы келесі бейнематериалда. 
Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан нысандардың бірі - кәріз  суын тазартатын биологиялық  ғимарат. Мамыр айында басталған құрылыс жұмысына 6 техника, 30 адам тартылған. Биыл жұмыстың тек 30 %-ы ғана аяқталады. Ал келер жылы маусым айында қолданысқа беріледі. Жоба құны - 1 млрд 200 млн теңге. Нысан өз жұмысын бастаған кезде көпқабатты және жеке үйлерден, ауруханадан шыққан лас су қайта өңделіп, тазартылады. 
Сондай-ақ, Жағыпар Әміров, Есет батыр және Зинеш Бралов көшелеріне жаяу жүргінші жолы мен суағар салынып жатыр. Оған 70 млн теңге қаржы қарастырылған. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы жөнделмеген Жағыпар Әміров көшесіне 130 млн теңге бөлінген.
Көшедегі жөндеу жұмыстары 1 айдан кейін аяқталмақ.  Жол құрылысына 10-нан астам жұмысшы тартылған. Сонымен бірге Емді қаласындағы бес қабатты үйлер жөнделіп, кезекте тұрған 135 адамның барлығы баспаналы болады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...