
Кәсіпкер болуға ынталы жанға қашанда қолдау бар. "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы аясында мемлекеттен қайтарымсыз грант бөлінеді. Жыл сайын өтетін конкурстың жұмысы биыл да жалғасын тапты. Бүгінгі күнге дейін 200-ден астам ақтөбелік өтінім берген.