ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР АЛҒЫС БІЛДІРДІ

18:04, 2 сәуір 2020

Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнес, әсіресе қоғамдық қызмет көрсету саласының жұмысы кенжелеп қалды. Өйткені, тамақтану, ойын-сауық, сауда орындарының қызметі тоқтап тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыны ескеріп, кәсіпкерлерді салық төлеуден босатып, несие алуға пайыздық мөлшерлемені төмендетуге тапсырма берді. Субсидиялауға да ауқымды қаржы бөлінді. Кәсіпкерлерге мемлекет барынша қолдау беріп жатыр. Ақтөбелік кәсіпкерлер мұндай қиын кезеңде Президент үндеуіне пікір қосып, тұрғындарды бір болуға шақырады. 
ГҮЛЖАН САҒЫНДЫҚОВА
ҚАЗАҚСТАН ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
 Барлық тамақтану орыны жабылды. Бұл жағдайда әрине, табыс азайып, бұл саладағы кәсіпкерлер дағдарыс алдында. Қазірде олар тағам тасылмалдауды қолға алып жатыр. Дегенмен, жұмыс беруші көптеген қызметкерлерін жұмыстан босатуға мәжбүр болды. Жалақысы сақталмайды. Осы кезеңде мемлекеттің барлық жұмыссыз қалған азаматтарға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетуі бұл үлкен қолдау. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің бірқатар салықтан босатылуы зор көмек. Тұрғындарға айтарым, біз де бір-бірімізді қолдап, індеттің таралуына жол бермейік.  

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар