ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ АЯСЫН БАРЫНША КЕҢЕЙТУ ҚАЖЕТ

20:00, 10 ақпан 2021

Шағын және орта бизнес өкілдерін мемлекет тарапынан қолдау аясын барынша кеңейту қажет. Үкімет басшысы Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңесте осылай деді. Биыл бірқатар бағдарламалар мен Ұлттық банктің айналым қаражатын толықтыруға 703 млрд теңге қарастырылған. Қаражат несие беру арқылы бизнесті қолдауға бағытталады. Премьер-министр Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында кәсіпкерлікті қолдау бойынша мақұлданған шараларды белсенді әрі тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. «Кәсіпкерлікті қолдау - экономиканың дамуына қосымша серпін береді. Әкімдіктер бөлінетін қаражаттың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс» дейді Үкімет басшысы.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар