ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

КИІК АТҚАНДАР ҰСТАЛДЫ

18:56, 9 желтоқсан 2019

 

 Шалқар ауданында киік атқан браконьерлер ұсталды. «Охотзоопром» кәсіпорнының қызметкерлері Toyota Land Cruiser 100 маркалы автокөлікті байқап, соңына түскен. Қуу кезінде ұзаққа бармасын білген күдіктілер айғақтарды жою мақсатында көлікті өртеп жіберген. Қаскөйлердің екеуі де Қызылорда облысы, Арал ауданының тұрғындары екені белгілі болды. Олар кінәсін сол жерде-ақ мойындаған. Көлік ішінен ақбөкеннің үш өлексесі, 3 мылтық, оқ-дәрілер мен 16 мүйіз табылған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. «Қашып бара жатқан көліктің алдыңғы дөңгелегі жарылды.Қапталдап қуып келе жатқан кезде ішінде отырған жолаушы, байқадық, ішінде канистр алып, сұйықтық шашып жатқанын. Өздерінің айтуы бойынша, екі киік болды деді сол жерде. Тергеу жүріп жатыр. Статьясы 337 бап, үшінші тармағы бойынша іс қозғалып жатыр».

Тақырып бойынша материалдар

СТАРТОВАЛ  ПЯТЫЙ  СЕЗОН  ШКОЛЫ  ГОССЛУЖАЩИХ  "МАНСАП"
20:03, 22 қаңтар 2020
СТАРТОВАЛ ПЯТЫЙ СЕЗОН ШКОЛЫ ГОССЛУЖАЩИХ "МАНСАП"
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар