ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

КІШКЕНТАЙ ХАНШАЙЫМДАР САЙЫСЫ

16:20, 15 ақпан 2021

"Мисс Ерке қыз." Бұл тағдыр сынағына мойымаған бүлдіршіндердің басын қосқан шара. Байқауға туа бітті сал ауруына және "Даун" синдромына шалдыққан балақайлар қатысты. Олар күні бұрын дайындалған видеороликтерін көрсетті. Сондай-ақ, ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерін ортаға салды. Ұйымдастырушы  Алмас Жантікенов әр қатысушыға арнайы дайындалған сыйлықты табыстады. Облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп атқарған бұл шара ерекше күтімді қажет ететін балалардың жүзіне күлкі сыйлайды дейді ұйымдастырушылар. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар