ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 20 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ

20:00, 8 маусым 2021

Жыл басынан бері облыста 35 мыңнан астам көшет отырғызылды. Ал Ақтөбе қаласында 12 мың түп ағаш егілген. Оның арасында жеміс көшеті де бар. Бұл туралы облыстық мәслихатта тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы барысында айтылды. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров өңірдегі көгалдандыру жұмысына тоқталды. Ал қала әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, биыл 350 мың шаршы метрге гүл егіліп, көгалдандырылды. Сонымен бірге қоқыс шығару, қала мәдениеті де депутаттар назарынан тыс қалмады. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетовтің хабарлауынша,  абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 5 мыңға жуық әкімшілік іс қаралды. Учаскелік полиция инспекторлары дүкен, түрлі мекеме мен көңіл көтеру орындарының иелеріне 100-ден астам ұсыныс берді. Баяндамашыларды тыңдаған депутаттар оларға бірқатар сұрақ қойып, тиісті қаулы қабылдады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР АУЛА МАҢЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРСЫ
20:00, 11 маусым 2021
ТҰРҒЫНДАР АУЛА МАҢЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРСЫ
Толығырақ...
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ МЕРГЕНДІК САЙЫСЫ
20:00, 11 маусым 2021
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ МЕРГЕНДІК САЙЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар