ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

КӨЛІК ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

20:00, 5 ақпан 2021

Қаламыздағы Жанқожа батыр көшесінде жеңіл көлік ұрланды. Құны 4 миллион теңге тұратын қымбат машинаны полиция жедел іздеп, тапты. «Тосқауыл жасау» операциясы кезінде жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасының көмегіне жүгінген. Автокөліктің қозғалыс бағыты анықталып, кейін радиостанция арқылы полиция жасағына хабар берілді. Ұрланған автокөлік Мәншүк Мәметова көшесі бойында табылып, тоқтатылды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі кезде айдап әкету фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Осы баптың санкциясы бойынша күдікті бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті екі жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар