ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА САЛЫНАДЫ

13:00, 1 ақпан 2021

Тақырыпты жалғастырамыз. Биыл Кеңқияқтағы ауруханаға күрделі жөндеу жүргізіліп, Қопада дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады. Ал, аудан орталығына  көпсалалы аурухана салынбақ. Темір ауданының әкімі өткен жылды қорытындылап, есеп берді. Өнеркәсіп өнімі 98 пайызға орындалса, құрылыстағы көрсеткіш 12 млрд теңгеден асып жығылды. Өзекті мәселе Кеңқияқ ауылының ауыз су желісі еді. Ол да қайта жаңғыртылып жатыр. Сондай-ақ, Еңбекші, Шығырлы және Қалмаққырған елдімекендеріндегі су мәселесі де жуырда шешімін табады. Аудандағы 30 көшенің жолын жөндеп, жарықтандыру жоспарда. 

Бірнеше ауылда пошта қызметі тоқтатылды. Себебі, тұрғындардың басым бөлігі жалақы алу кезінде пошта қызметін пайдаланбайтын болған. Ауыл шаруашылығы саласы мен шағын және орта бизнесте өсім бар. Несие алып, жеке кәсіп ашуға ниеттенгендер қатары артқан. Тиісінше қылмыс төмендеген. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар