
Республикалық күйшілер одағының облыстық филиалы құрылды. Бұған дейін еліміздің 12 өңірде тіркеліп, кезек Ақтөбеге келді. Аймақтағы өнерпаздар бір ауыздан одақ төрағасы етіп облыстық филармонияның концертмейстері Талап Хамзинді сайлады. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова төрағаға куәлігін табыстады. Одаққа 18 жасқа толған, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері мүше бола алады. Өңірдің талантты азаматтарының басын қосатын жобаға әйгілі күйшілер сәттілік тіледі.