ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

19:50, 19 қазан 2020

Бүгін - құтқарушылардың кәсіби мерекесі.  Осыдан 25 жыл бұрын елімізде Төтенше жағдайлар комитеті құрылған болатын. Төл мерекеде  салтанатты шара ұйымдастырылып, сала үздіктері жоғары наградаларға ие болды. 
Есет Бадановтың негізгі мамандығы-заңгер.  Бірақ ол көп адамның жүрегі дауалай бермейтін кәсіптің кілтін ұстады. Жас жігіт 6 жылдан бері өрт сөндіріп, талай мәрте тұрғындарды қызыл жалыннан құтқарды. 3 жыл бұрын өңірді су жайлағанда да білек сыбана қызмет қылды. 
Кәсіби борышын мүлтіксіз орындаған  құтқарушылар кәсіби мерекеде құрметке бөленді. Халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысқан азаматтар Төтенше жағдайлар министрлігінің және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.  Сала жаңалықтарын халыққа жедел жеткізудегі шеберлігі үшін біздің әріптесіміз, Ақтөбе арнасының редакторы Гүлдана Қаленқызы ведомство басшысының алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ құтқарушылардың қызметін қағазға түсірген жас суретшілер анықталды.   Пандемия кезінде тынбай еңбек еткен құтқарушының кеудесіне "Халық алғысы" төсбелгісі тағылды. 
Қазір облыстық төтенше жағдайлар департаментінде 1000-ға жуық адам қызмет етеді. Жыл басынан бері ақтөбелік құтқарушылар 3000-ға тарта шақыртуға барған. Түрлі апаттық жағдайлардан  шамамен 1000 адамды құтқарып, қауіпсіз жерге эвакуациялаған. 

Гүлдана Абайқызы

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...