ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

20:17, 28 қазан 2020

Күн суытып, су қатты. Жүргізушілер де көлігін қамдап, аязды күнге дайындалуы тиіс. Бұл әркімінің өз қауіпсіздігі үшін керек іс. Мамандар қысқы дөңгелекке қазан айының соңынан қарашаның басында дейін ауыстыруға кеңес береді. Ауа температурасы төмен түсер болса жазғы дөңгелек қатып, жолда қауіп төндіреді. Әріптесім Дархан Мектепбай жүргізушілердің дайындығын айтып береді.  
Шынымен де әр істің өз уақыты бар. Кешігуге болмайды. Жазда жаздық, қыста қыстық дөңгелекті дер кезінде алмастырмаса, жүргізушілерден маза кетеді. Бұл - өзің ғана емес, көлігіне сеніп мінген өзгенің де қауіпсіздігі үшін керек. Қазіргі сәтте қаламызда дөңлелек саудасы қызып тұр. Жабысқағы керек пе, әлде бұдырлысын таңдайсың ба, өз еркіңде.
ЕЛЕНА БИШАНОВА
ДӨҢГЕЛЕК САТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің дүкенде қысқы дөңгелектер бар. Жабысқағын,  бұдырлысын да таба аласыз. Жүргізушілер қалағанын алады. Бағалары 10-15 мың теңгеден басталады. Біздегі дөңгелектер Ресей, Қытай мемлекеттерінің өнімдері. 
Қала ішінде көп жүретін жүргізушілер жабысқақты дөңгелекті таңдайды. Өйткені бұдырлы дөңгелек қалың қыс түсетін, тайғақ жолға арналған. Дегенмен соңғысы көктайғақта өзін нық сезінетініне қарамастан, тас жолда сыр беруі мүмкін. Бұл - мамандардың кеңесі! Қалай десек те дөңгелекті сатып аларда оның жасалған уақытына мән беріп, тексеріп алу керек. Біз болған орталықтағы шебер маусымдық уақытта күніне 30 көліктің дөңгелегін ауыстыратынын айтты. 
Қыстың қамын бүгіннен ойлаған тәжірибелі жүргізушілер болса бұл іске кірісіп те кеткен. "Ауа-райына сенім жоқ, аяқ астынан қар жауып, мұз қатуы мүмкін. Қысқы дөңгелекті өзіміз үшін ауыстырамыз" дейді олар.
Айтпақшы, қысқы дөңгелекті қолданудың да өз тәртібі бар. Уақытында алмастырмасаң, айыппұл арқалауың ғажап емес.
Қорыта айтсақ, қысқы дөңгелекті уақытында ауыстырып, қосымша шаруа тудырмаған жөн секілді.

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

"СОЮЗ МЕХА" ЖАҢА СӘНДІ ТОНДАР ТОПТАМАСЫН ҰСЫНАДЫ
20:00, 26 қараша 2020
"СОЮЗ МЕХА" ЖАҢА СӘНДІ ТОНДАР ТОПТАМАСЫН ҰСЫНАДЫ
Толығырақ...
ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРЫШТАҒАН АҚТӨБЕНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ НАШАР
20:00, 26 қараша 2020
ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРЫШТАҒАН АҚТӨБЕНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ НАШАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ШАЛҚАР АУДАНЫНДА БІР МЕКТЕП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
20:30, 20 қараша 2020
ШАЛҚАР АУДАНЫНДА БІР МЕКТЕП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...