ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 9 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛАР КӨП

20:00, 15 қаңтар 2021

Өңірде қысқы спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Бүгінде облыстағы бұқаралық спорттың көрсеткіші 32 пайызға жетті. Әрине, оған мүмкіндікте бар. Бұрынғыдай емес, түрлі спорттық кешендер салынып, спортшылардың алаңсыз дайындалуына жағдай жасалған. Тіпті, бұқаралық сипатқа ие болып келеді. Бос уақытында отбасымен бірге шаңғы, мұз үстінде коньки тебетін қарапайым тұрғындар көбейді. 

Інжу Мұсамадина шаңғы спортын 3 жылдан бері серік етіп келеді. Алғашында жаттығу алаңына достарымен демалыс үшін келіп, аяғына шаңғы байлап көреді. Сосын қызығушылығы оянып, кәсіби түрде жаттығуға бел буған. Бүгінде 8-сыныпта оқитын ол бірнеше жарыста топ жарып, көзге түсіп үлгерді. Енді "республикалық додаларда атой салу арманым" дейді. Сол үшінде күнделікті жаттығудан қалмайды.
Ал, Нұртас Төлегенов болса шаңғы спортымен кәсіби түрде 10 жылдан бері шұғылданып келеді. 18 жастағы жас спортшы ел ішілік жарыстарда бірнеше рет жүлделі орын алған. Бүгінде Елордадағы іргелі оқу орынында білім алып жүрген Нұртас туған қаласына келіп, жаттығуын жалғастырып жүр. Шаңғы спортының денсаулыққа пайдасы мол екенін айтады

Ақтөбедегі бұл облыстық қысқы спорт түрлері бойынша балалар және жасөспірімдер спорт мектебі осыдан 10 жыл бұрын ашылған. Сол кезде қабылданған оқушылар республикалық додаларда үздік нәтиже көрсеткен. Алды Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы олимпиадалық резерьв интернатында білім алып, сол жерде спорттық коллежді тәмамдаған. 

Айта кетейік, қазіргі таңда бұл мектепте 300-ге жуық оқушы бар. Материалдық базасы қалыптасқан кешенде барлық жағдай жасалынған. Мұнан өзге қаланың Жаңақоныс, Құршасай, Сазды ауылдарында бөлімшелері жұмыс істейді. Алдағы уақытта аудандардан ашу жоспарланған. Мамандар соңғы уақытта қарапайым тұрғындардың көптеп келетінін айтады.
Біздің түсірілім топ қаламыздағы өзге де спорт мектептерінде  болды. Айнадай жарқыраған мына көк мұздың үсті жас спортшыларға толы. Мамандар соңғы кезде шорт-трек спортына жазылушар көп дейді. Көздерінен от ұшқындаған оқушылардың арманы биік.  

Соңғы жылдары спорттық инфрақұрылым  жақсарып келеді. Бұл Ақтөбеге ірі республикалық жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік берері сөзсіз. 

Енді әңгімеміз жалаң болмас үшін деректерді сөйлетсек. Жалпы облыста қысқы спорттың 5 түрі бар, бүгінде онда 686 спортшы жаттығады.

Ал, енді 2021 жылға қысқы спорт түрлеріне қаралған қаржыға келсек, 88 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның ішінде 20 млн теңгесі республикалық спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына жаратылмақ. Мұның бәрі облыстық бюджеттен бөлінген.

Қорыта айтсақ, бұрын қысқы спорт десе есімізге Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысындағы спортшылар жетістігі түсетін. Енді бұл қатарға Ақтөбе облысының спортшылары иық тіресе қосылатын күні алыс емес тәрізді.

Дархан МЕКТЕПБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:00, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАХМАТШЫ С.ТӨЛЕУШЕВАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
20:00, 19 ақпан 2021
ШАХМАТШЫ С.ТӨЛЕУШЕВАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...