
Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы. Сондықтан оның тәрбиесі қашан да ортақ іс. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде осы мәселеге қатысты дөңгелек үстел өтті. Ақ жаулықты аналар өмірден түйген ой-пікірлерін ортаға салды. Тағылымды іс-шараға мемлекеттік органның өкілдері де қатысты. Айта кетейік, бүгінде республика көлемінде «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» тақырыбымен жоба басталды.