
Ақтөбеде өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі ашылды. Фитосанитариялық бақылаудың сапасын арттыру үшін жұмыс Адалдық алаңы арқылы өтеді. Яғни сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында мұндағы қызметтің барлығы әйнек кабинетте орындалады. Бейнебақылау камерасы тағы бар. Ал, қызметтік көліктердің қозғалысы арнайы бағдарлама арқылы бақыланса, шекара бекеттердегі жағдайдың барлығы онлайн көрсетіледі. Кәсіпкерлердің сертификат алу процесі де ашық түрде өтеді.