ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МАЛ БАСЫ ӨСІП, ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ АРТТЫ

13:00, 1 ақпан 2021

Шалғайдағы Ырғыз ауданында да толымды іс көп. Ауыз су, газ құбыры тартылған ауыл тұрғындары бейнеттен арылды. Аудан орталығының бірнеше көшесіне тас жол төселіп, жарықтандыру жұмысы жүрді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша   жалпы құны 79 млн. теңгеге 4 жоба іске асты. Бұл жобаға қатысқан шаруашылық құрылымдары асыл тұқымды ірі-қара, жылқы сатып алған. Сонымен бірге пайдаланылмай жатқан жер учаскелері қайтарылып, шаруа жасаймын деген қожалықтарға берілді. Ауданда құрылыс жұмыстарында да қарқын бар. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар