ШҰҒЫЛ! COVID-19: 88 ЖАСӨСПІРІМ PFIZER ВАКЦИНАСЫН САЛДЫРДЫ Толығырақ

МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ - 2018

18:46, 19 сәуір 2018

"Рухан жаңғыру және археологиялық мұра Марғұлан оқулары - 2018". Бүгін осындай атаумен Ақтөбеде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Екі күн бойы ел аймақтарынан өзге, көрші елдерден келген тарихшылар, археологтар, өлкетанушылар мен этнографтар Қазақстанның киелі жерлері туралы айтады. Шара академик Әлікей Марғұланды еске алуға арналды.

Ауқымды шараға ел аймақтарынан бөлек, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстаннан тарихшылар мен өлкетанушылар келді. Сондай-ақ, академиктің қызы Данель Марғұлан да қатысты. Ол әкесінің осы саладағы еңбектерін айтып, еске алды. Шығыстанушы Әлікей Марғұлан Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихын зерттеген. Әйгілі Беғазы-Дәндібай мәдениетін алғаш ашқан.

ДАНЕЛЬ МАРҒҰЛАН, Ә. МАРҒҰЛАННЫҢ ҚЫЗЫ

- Мен осыған дейін Ақтөбеде болған емеспін.Ерекше әсерде тұрмын. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары әкем батыс өңірінде қазба жұмыстарын жүргізді. Кейін, әкем Батыстан Шығысқа қарай 1000 шақырым жүріп, Шыңғыстау, Тарбағатай тауларын аралады.

Конференция барысында адамзат пайда болған кезеңнен бастап бүгінге дейінгі Еуразия даласының археологиясы, этнографиясы айтылды. Бұдан бөлек, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асырылуы баяндалды.

"Қазақстанның сакралды географиясы" жобасы аясында "Рухани жаңғыру" бағдарламасына тіркелген республикалық деңгейдегі 185 тарихи маңызы бар және 500 өңірлік нысан анықталды. Бұл тізімге Ақтөбе облысынан 44 ескерткіш енді. Айтып өтейік, өңірде туризмді дамыту мақсатында бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштер жаңғыртылып жатыр.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖАЗУШЫ МЕРЕЙТОЙЫ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
18:53, 22 қараша 2021
ЖАЗУШЫ МЕРЕЙТОЙЫ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
20:44, 23 қараша 2021
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Толығырақ...