ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗДІ

16:20, 8 ақпан 2021

Өңірде мас күйінде рульге отырғандар қатары азаяр емес. Полиция қызметкерлері түнде Ақжар-2 елдімекені маңында "Hyundai" маркалы автокөлікті тоқтатты. 38 жастағы жүргізуші ішімдік ішіп, көлік айдаған. Патрульдік полиция қызметкері жүргізушіні бірден сараптамадан өткізді. Сонымен бірге оның бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің  "Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар