
Көлік тізгініндегі әр адам өзінің және өзгенің өміріне жауапты. Сондықтан жол қозғалысы барысында ережелерді қатаң ұстану қажет. Алайда кейбір жүргізуші мұны естен шығарып алады. Полиция қызметкерлері ағайынды Жұбановтар көшесінде мас күйде рульге отырған ақтөбелікті ұстады. Анықталғандай ол бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған.