
Полиция қала жолдарындағы қауіпсіздікті қатаң бақылауына алған. Мәскеу көшесінде көлікті тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексерді. Сол сәтте рульде отырған 25 жастағы ақтөбеліктің өз-өзін ұстауы күдік тудырды. Медициналық тексеруден соң оның есірткі тұтынғаны белгілі болды. Мас күйінде көлік айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен де айырылған. Қазір Қылмыстық кодекстің "Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамды басқару" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші қамалды.