ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ ТАСЫМАЛДАНАДЫ

22:16, 3 сәуір 2020

 "Біз біргеміз" акциясына жергілікті кәсіпкердің бірі үн қосты. Қауіп аймағында қызмет етіп жатқан медицина қызметкерлерін ол ыстық тамақпен қамтамасыз етпек. Құнарлы тағам коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен тікелей байланыстағы медицина мамандарына жеткізіледі. Қаладағы мейрамхана бірінің асханасында қазіргі шектеу режиміне қарамастан жұмыс қызу. Аспаздар ыстық тамақтың бірнеше түрін пісірп жатыр. Әл беретін ауқат тек қана дәрігерлер үшін. Дайын ас мәзірі жедел облыстық жұқпалы аурулар емханасына уақытында жөнелтіледі. Жұқпалы аурулар емханасының 35 медицина қызметкеріне күніне 4 мезгіл ыстық тамақ жеткізіледі. Өйткені олар үйіне бармай стационарда үздіксіз қызмет етіп жатыр. Алмағайып уақытта дәл осындай қолдау оларға аса қажет.  Біз біргеміз акциясы аясында қоғамның осал санатындағылар да назардан тыс қалған жоқ. Оларға да көмек үздіксіз беріледі. Кәсіпкердің игі ісін бизнестегі өзге әріптестері де қолдады. Келесі аптадан бастап өңірдің бірқатар медицина мекемелерінің дәрігер, медбикелеріне  ыстық тамақ апарылады. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар