ШҰҒЫЛ! СOVID-19: 102 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ

20:00, 4 мамыр 2021

Мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіпті сақтау мәселелері аймақ басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында қаралды. Облыс әкімі аппаратының басшысы Қайрат Райымқұловтың айтуынша, 2020 жылы мемлекеттік органдар 5 млн 800 мемлекеттік қызметті көрсетті. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік органдарға талдау жүргізілді. «Барлық тапсырма уақытылы және сапалы орындалуы керек. Талдау жүргізіңіз: егер объективті себептер болса, оларды жою қажет. Ал егер мемлекеттік органдардың салғырттығынан мерзімі кешіктірілсе, мұндай басшыларды жауапқа тарту туралы сұрақты ойланыңыз», - деп Оңдасын Оразалин. Сондай-ақ, жиынға қатысушылардың назарына әлеуметтік желілердегі басқарма басшылары мен Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдерінің қызметіне талдау ұсынылды. Аймақ басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерін, мемлекеттік мекемелерді әлеуметтік желілерде ақтөбеліктердің шағымдары мен өтініштерін дұрыс қабылдауға және жедел жауап беруге шақырды. Бұл сіздің міндетіңіз!»- деп баса айтты Оңдасын Оразалин. Жиын соңында аймақ басшысы мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
20:00, 14 мамыр 2021
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар