ШҰҒЫЛ! COVID-19: ОБЛЫСТА 28 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП

20:00, 19 қаңтар 2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында мемлекеттік тілді білу Қазақстанның әрбір азаматының парызы екенін айтты. "Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда "Ештен кеш жақсы" деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек", - деді мемлекет басшысы. Мемлекеттік тілді меңгергісі келетіндердің ынта-ықаласы зор,- дейді облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Клара Серғазина. 13 жылда өңірдің 19 мыңға жуық тұрғыны түрлі тілдік курстарды тәмамдаған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар