ШҰҒЫЛ! СOVID-19: 102 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МЕРЕКЕЛІК ЭКСКУРСИЯ

20:00, 4 мамыр 2021

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде 9-мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік экскурсия басталды. “Ерлік пен Даңқ” экспозициялық залының барлық құнды жәдігері көпшілік назарына ұсынылды. Санитарлық талапқа сай келушілер саны 25-тен аспауы тиіс. Экскурсия барысында соғыс жылдарының тарихы мен батырлардың өшпес ерлігі таныстырылды. Кеңес одағының батыры, жерлесіміз Михаил Колесниковтің офицерлік фуражкасы мен Әлия Молдағұлованың әпкесі Сапураға жазған хаттарының көшіремесі де осында. 312-ші атқыштар дивизиясының командирі Александр Наумов киген әскери кител де келушілер үшін ерекше жәдігер болды. Бұдан өзге, соғыс жылдары, тарының жаңа сұрпын өсіріп, әлемдік рекорд жаңартқан Шығанақ Берсиевтің шалғы, орағы да тарихтан сыр шертіп тұр. Тақырыптық экскурсиялар мен дәрістер жыл бойы жалғасады.   

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
20:00, 14 мамыр 2021
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар