ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 206 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МИНИСТР САПАРЫ

20:00, 2 сәуір 2021

 Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Әуе қорғанысы күштері әскери институтында оқу-жаттығу жұмысымен танысты. Әскери оқу орнының бастығы жоғары оқу орнын дамытуға арналған басым бағыттар, атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспар туралы баяндады. Институт басшылығы өздері жасап жатқан «Виртуалды әуе айлағының» жаңа жаттықтыру кешенін көрсетті. Бұл кешен жеке ұшақтар мен авиация тобын қондыру кезінде ұшуды басқаруға мүмкіндік береді. Кешеннің бағдарламалық жасақтамасы Л-39 ұшағының төрт жаттықтыру құрылғысымен және Ми-8МТ тікұшағының екі симуляторымен біріктірілген. Бұл жаттықтыру құрылғысын институттың профессор-оқытушы құрамы, ал бағдарлама жасақтамасын бірінші курстың курсанты Әлихан Дәулетұлы әзірлеген. Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери базаның нысандарын аралап көріп, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлік, әскери даярлықтың жай-күйіне қатысты мәліметті тыңдады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді орналасуы, олардың тұрмыстық жағдайы, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуы назарда болды. 

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ ҒАЛЫМ КИМ СЕРІКБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ
20:00, 19 сәуір 2021
ӘСКЕРИ ҒАЛЫМ КИМ СЕРІКБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ
Толығырақ...
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ
20:00, 19 сәуір 2021
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар