ШҰҒЫЛ! СOVID-19: 102 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

МУЗЕЙДЕ МЕРЕКЕЛІК ЭКСКУРСИЯ ӨТТІ

16:20, 30 сәуір 2021

Облыстық тарихи өлкетану музейінде 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік экскурсия өтті. Келушілер назарына Ақтөбе аймағында тұратын 90-ға жуық ұлт өкілінің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін жәдігерлер көрсетілді. Экспозициялар "Тәуелсіздік жолымен" деп аталатын тақырыптық залдан тұр. 100-ге жуық экспонат ішінде: түрлі этностың ұлттық киімдері, бұйымдары бар. Кавказ және корейдің ұрмалы музыкалық аспабы, чех халқының ұлттық әшекейі, асхана құралдары мен орыстың ағаштан ойылған ойыншықтары, кәдесыйы да осында. Жәдігерлерді жинақтауға аталған ұлт өкілдерінің өздері ат салысқан. Ал, экспонат қойылған залдың төбесі шаңырақ іспеттес жасалған. Облыстық музейге 25 адамға дейін кіруге болады. Санитарлық талап басты назарда.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
20:00, 14 мамыр 2021
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар