ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

NUR OTAN

17:28, 25 қаңтар 2022

ПАРТИЯ СЪЕЗІНЕ ҚАТЫСАТЫН ДЕЛЕГАТТАР АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысы онлайн форматта өтті.  Мәжілісті «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалин ашты.
Күн тәртібінде 28 қаңтарда өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне Ақтөбе облысынан делегаттар сайлау мәселесі қаралды. Партияның Ақтөбе облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Ербол Данағұлов елорда төрінде өтетін съезге қатысатын өңір делегаттары туралы хабарлама жасады.   
-«Nur Otan» партиясы құрылғалы бері Қазақстан мемлекеттілігін сақтау үшін, қоғам бірлігін бекем ету үшін жұмыс істеп келеді.Ол –еліміздегі реформаларды толық және сапалы жүзеге асыруға әлеуеті толық жететін бірден-бір қоғамдық-саяси күш. Қазірдің өзінде партияның барлық ресурсы Мемлекет басшысы қойған әлеуметтік-экономикалық саладағы нақты міндеттерді орындауға жұмылдырылды, – деп атап өтті партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов. 
Сонымен маңызды жиынға Ақтөбе облысынан 21 делегат онлайн түрде қатысады.

Тақырып бойынша материалдар

21:26, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА 2 МЫҢНАН АСТАМ ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУШЫ ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:35, 19 мамыр 2022
АҚТӨБЕЛІКТЕР РЕФЕРЕНДУМНАН ОҢ ӨЗГЕРІС КҮТЕДІ
Толығырақ...