
Алдағы 5 жылда 977 мыңдай отбасын баспанамен қамту көзделген. Ал апаттық және үш аусымда оқитын мектептердің мәселесін шешу үшін 800 жаңа мектеп салынбақ. Ол үшін Елбасы тапсырмасымен 2025 жылға дейінгі жұмыстардың жол картасы әзірленген. «Нұр Отан» партиясы парламенттегі фракциясының отырысында осы жәйттер сөз болды. Жол картасын таныстырған үкімет басшысы Асқар Мамин барлығы 362 іс шараны жүзеге асыру жоспарланған айтты. Жұмыстар 4 бағыт бойынша жүргізіледі.