
Бақылау топтарының жұмысы әлсірей бастады. Облыста шектеу шараларына байланысты құрылған 47 мобильді топ 10 мыңға жуық тексеру жүргізген. Нәтижесінде 2 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылып, 184 млн. теңге айыппұл салынды. Алайда ақпан айы басталғалы, анықталған заң бұзушылықтар саны бірнеше есеге төмендеген. Бұл кәсіпкерлік нысандарының тәртіпке көндіккені емес, бақылаудың әлсіздігі болып отыр-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов. Осыған сәйкес, облыс әкімі топтардың жұмыстарын жандардыруды, әрі халық арасында екпе жөніндегі ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.