
Облысы әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Ол «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританияның Рединг университетін «ауыл шаруашылығы саласындағы экономист», Кореяның Аджу университетін «экономика және бизнес магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингінің" департамент менеджері болып бастаған. Әр түрлі жылдары Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысы, Ауыл шауашылығы министрлігінің басқармасы басшысы болды. Сонымен бірге Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасын, облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасын басқарды. Ермек Кенжеханұлы 2020 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне кірді. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Мәртөк ауданының әкімі болды.