
Бүгін облыстық мәслихатта кезекті сегізінші сессия өтті. Онда өңірдің даму жоспары талқыланды. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаеваның айтуынша, былтыр 2021-2025 жылдарға арналған жоспары бекітілген. Қолға алынған жұмыстардың орындалуы жіті бақылауда. Айтып өтейік, 2022-2024 жылдарға арналған бюджетке толықтыру енгізу туралы ұсыныс та қаралды. Сонымен бірге су ресурстарын пайдалану тәртібі, тасымалдауды субсидиялау мәселесі де назардан тыс қалмады. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин облыстың дамуы жолында көптеген жобаның қолға алынғанын, оны іске асыру ортақ мақсат екенін атап өтті.