ШҰҒЫЛ! ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ Толығырақ

ӨНЕРДЕ ШЕКАРА ЖОҚ

19:11, 19 сәуір 2018

Жас шеберлер үшін танылудың мүмкіндігі берілді. Ақтөбеде алғаш рет өткен "ArtЮрта" халықаралық көрмесіне 130-дан астам архитектор, сәулетші, дизайнер және суретшілер қатысты.

Халықаралық көрмеге 100-ден астам жұмыс қойылды. Барлығы да өзіндік өрнегімен ерекшеленді. Мәселен, қазақ халқының бірлігін насихаттайтын шаңырақ картинасы мен көшпенділердің киіз үйі көпшілікті қызықтырды. Бұдан бөлек, тасқа қашалып жазылған ескерткіштердің суреттері де болды.

Шараға қатысуға Қазақстан, Ресей, Қытай және Американың 12 жоғары оқу орнынан 160 тапсырыс түскен. Нәтижесінде, "Сәулет", "Графика", "Өнер дизайны", "Кескіндеме" және "Тоқыма" бағыттары бойынша 135 жұмыс іріктелді.

Конкурс қорытындысында 23 жеңімпаз анықталды. Қытайлықтар кескіндеме, ресейліктер сәулеттік дизайн өнерін ерекше көрсеткені үшін марапатталды. Ал жергілікті студенттердің графика бойынша жұмыстары үздік деп танылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

21:26, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА 2 МЫҢНАН АСТАМ ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУШЫ ҚАТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:35, 19 мамыр 2022
АҚТӨБЕЛІКТЕР РЕФЕРЕНДУМНАН ОҢ ӨЗГЕРІС КҮТЕДІ
Толығырақ...