
Өңірде тағы 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал 7 адам дертінен жазылды. Бұл облыстағы эпидахуалдың тұрақтылығын көрсетеді. Дегенмен әлі де болса 8 мыңға жуық адам оқшауланып, үй карантині режимін сақтап отыр. Иммундау шарасына келер болсақ, бүгінге дейін 350 мыңнан астам тұрғын вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Ал 325 мың адам екі дозасын да қабылдады.