
Өңірде тағы 366 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 200-ден астамы вирустың симптомды түріне шалдыққан. Атап айтар болсақ, Ақтөбе қаласында 162 адам жөтеліп, дене қызуы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінді. Сонымен бірге Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қарғалы секілді бірнеше аудан тұрғындары да сырқаттанып қалды. Қазіргі кезде олармен қарым-қатынаста болған 4 мыңға жуық адам үй карантинінде отыр. Айтып өтейік, бүгінге дейін 37 мыңнан астам адамның ПТР сынамасы оң мән көрсетсе, оның 93 процертке жуығы жазылды.