
Облыста ажырасу көрсеткіші де төмендеген. Бүгін өткен жылды қортындылаған №3-ші қалалық сот осындай мәлімдеме жасады. Олар медиаторлар мен қоғамдық ұйым өкілдері біріге атқарған жұмыстың нәтижесі осы дейді. Іс жүзінде ажырасуға бел буған ерлі-зайыптылармен сөйлесіп, мәселесін тыңдайды. Медиатор, психолог секілді мамандардың кеңесін алғаннан кейін шешімін өзгертетіндер көп. "Отбасын сақтап қалу үшін арнайы орталық пен мамандар зор үлес қосып отыр",-дейді сот органының өкілдері. 2020 жылы неке-отбасы даулары бойынша келіп түскен арыздар саны 30 пайызға азайған.