ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ҚЫЛМЫС 26 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

19:23, 2 сәуір 2020

Аймақта қылмыс 26 пайызға азайған.  Биылғы  бірінші тоқсанда барлық санаттағы қылмыс төмендеді. Ауыр қылмыс 18, 44  ауырлығы орташа қылмыс, аса  ауыр емес қылмыс 30 пайызға азайды. «Адам өлімі 7, қарақшылық 62, ұрлық 39, тонау 48, бұзақылық 41 пайыз.  Зорлау 75, қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 42, отбасылық-тұрмыстық қылмыс 50% азаып отыр. Елдегі төтенше жағдай қылмыстық жауапкершілікті ауырлатады.  Прокуратура көрінеу жалған ақпарат тарату, билік  бағынбау, билік өкіліне  қатысты күш қолдану, құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық және әскери қылмыс жазасы қатаң болатынын да  ескертеді», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Ақтөбе облысының прокуратурасы қала тұрғындарын заңды сақтауға, дүрбелеңге салынбай, уақытша шектеу талаптарын бұзбай, тек ресми ақпарат көзін басшылыққа алуға шақырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар