ШҰҒЫЛ! ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

20:00, 21 маусым 2022

Полиция департаментінің жеке құрамы және ауыл шаруашылығы саласына жауапты қызметкерлерге жемқорлықты, құқықбұзушылықты болдырмау жөніндегі ескерту шаралары қаралды. Айтып өтейік, былтыр ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 22,6 млрд теңге субсидия бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімі мен мал басы ұлғайды. Ал биыл 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта субсидия төлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетовтің айтуынша, әзірге заңсыздық, сыбайлас жемқорлық көріністері бар факті тіркелмеді. Отырыс барысында сондай-ақ, дәстүрлі емес дін ағымын ұстанушыларды оңалту және күзет қызметін мемлекеттік бақылау сұрақтары қаралды. Отырыс соңында облыс әкімі барлық бағыт бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар