ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ

19:29, 25 қыркүйек 2019

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 2018-2019-шы оқу жылын қорытындылады. Ғылыми кеңесте оқу ордасының ректоры  Бауыржан Ердембеков алға қойған мақсат-міндеттерді айқындап, мәселелерге тоқталды. Айта кетейік, биыл университетке 5 мың студент қабылданды. Ғылыми кеңеске  университеттің ардагер ұстаздары, профессорлық-оқытушылық құрам, белсенді студенттер  мен қоғам өкілдері қатысты. Өткен оқу жылын өңірлік университет біршама жетістіктермен аяқтады. Мәселен, оқу орны аккредитациялық орталықтардың нәтижесі бойынша, еліміздегі 50-ге  тарта университет ішінде 4-ші орында тұр. Ал, былтырғы студенттердің жазғы универсиадасында жоғарғы оқу орны командалық есепте 2-ші орынды иеленді. Дегенмен, аймақтық жоғары оқу орындарын тән ортақ мәселелер де бар. Ғылымның даму әлеуеті төмен,  ғалымдар жетіспейді-дейді ректор. Жұбанов университетіне биылғы оқу жылында 5 мыңға жуық студент қабылданды.  Қазір 72 бакалавр мамандығы, 40 магистартура, 6 докторантура бойынша мамандар даярлайды. Екі диссертациялық кеңес ашылды. Осылардың барлығы өңірді   мамандармен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бере алады.

БИБІГҮЛ ӘБЕНОВА /Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ

- Биыл біз 6 инновациялық білім бағдарламасын  жасақтадық. Ақтөбенің нарығында сұранысқа ие, қажет    14 білім бағдарламасын жасадық. бұған деген сұраныс өсті. студенттердің де саны артты. Қазір бізде 16 мыңға жуық адам білім алады.

Оқу ордасы 3-ші жыл қатарынан  білім процессіне бірнеше жобаны қосты. Атап айтсақ, өңірдегі өндіріс орындарында 45 кафедраның филиалдары ашылған болатын. Биылғы оқу жылында олардың санын 88-ге жетті.   Дуалды оқыту элементтерін енгізілді. Кейбір өндіріс орындары студенттерге  жалақы да төлейді. 

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар