ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ӨСІМДІК ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СУБСИДИЯЛАНАДЫ

16:20, 16 ақпан 2021

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2021 жылға арналған жоспарды баяндады. Биыл агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. "Мемлекеттік қолдау еселеніп, өсімдік және мал шаруашылығын субсидиялау жалғасады», - деді министр. Оның айтуынша, осы мақсаттарға биыл 300 млрд теңгеден астам қаржы бағытталады. «Солтүстік Қазақстан облысында қуаты 300 мың тонна болатын дәнді дақылдар, Ақмола облысында қуаты 200 мың тонна болатын майлы дақылдар, Ақтөбе облысында 20 мың тонна, Алматы облысында 15 мың тонна болатын ет өндіретін және өңдейтін экожүйе құру жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылады», - деді Сапархан Омаров.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар