
Мемлекеттік сатып алулар кезінде жасырын сөз байласып, шешім қабылдау өткен күннің еншісінде қалуы тиіс. Samruk Business Forum-ына қатысқан Президент осылай деді. Отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған шарада Қасым-Жомарт Тоқаев жекешелендіруді жүргізу бойынша үкіметке бірқатар тапсырма берді. Айта кетейік, «Самұрық»-тың қазынасы мол. 67 миллиард теңгеге алдын-ала жасалған келісімшарттар мен стратегиялық келісімдерге қол қойылған. 15 бағыт бойынша жоспар бар. Алып холдинг тұралап қалған компанияларды құтқаруға мүдделі. Отандық өндірісті дамытуда «Самұрық-Қазына»-ға өте маңызды міндет жүктеліп отыр. Бұл орайда президент инновацияны кеңінен қолдану керек екенін айтты.