ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

ПРОКУРОРЛАР КӘСІБИ МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ

15:35, 9 желтоқсан 2019

 Прокуратура саласының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтті. Облыстың үздік деп танылған прокурорларына аймақ басшысы алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, салтанатты шарада жауапты орган қызметкерлерінің атқарған жұмыстары қорытындыланды.  Облыс прокуратурасының 11 қызметкері алғыс хатқа ие болды. Олардың ерен еңбегін, ел сенім білдірген органның жауапкершілігін  облыс басшысы Оңдасын Оразалин атап өтті.  1991 жылы 6 желтоқсанда прокуратура органдарының біріңғай жүйесі құрылды. Сол күннен бастап бұл органға мемлекеттік, қоғамдық, жекеменшік мекеме жұмысының заңдылығын қадағалау міндеті жүктелді. Облыстың бас прокуроры осы жылы атқарылған жұмыстар мен жүктелген міндет жайын айтып берді.  
Айтып өтейік, облыста Елбасы тапсырмасы бойынша ҚР Бас прокуратурасының бастамашылығымен 2016 жылдан бастап «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы іске асырылып келеді. Өңір тұрғындарына бизнесті дамыту, дін мәселелері, әлеуметтік қолдау көрсету, құқық қорғау шаралары бойынша түсіндірме, ақпарат беру бағытында жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні 1700-ге жуық әр түрлі іс-шара кезінде 58 мыңнан  астам адам қамтылды. Ал 1500-ден астам адамға нақты көмек көрсетілген. 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар