
Мемлекеттік қызметтерге QR код арқылы төлем жасауға болады. Жер телімдеріне арналған актілерді әзірлеу мен беру, жылжымайтын мүлік немесе кондоминиум нысандары құқығын тіркеу, жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүлік саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола түсті. Сондай-ақ, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін QR-код қолданылады. Жауаптылар пандемия кезінде кезек түзілуін мейлінше азайтып, клиенттер үшін қолайлы болатын процестерді автоматтандыруға тырысып жатқандарын айтты.