
Қалалық мәслихат депутаттары республикалық референдумның маңызын түрлі сала өкілдеріне түсіндіріп, маңызын жеткізіп жүр. Дәрігерлермен өткен кездесуде медицина саласындағы өзгерістер туралы хабардар етті. Елімізде 5-ші маусымда болатын ең маңызды саяси іс-шара туралы толыққанды ақпарат берді. Соның ішінде Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның рөлі туралы айтылды. Ақ халаттылар дауыс беру қорытындысы елдегі қоғамдық-саяси жағдайға оң әсер етеді деген қорытындыға келді.