ШҰҒЫЛ! COVID-19: 88 ЖАСӨСПІРІМ PFIZER ВАКЦИНАСЫН САЛДЫРДЫ Толығырақ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА МӘЖІЛІСТЕГІ NUR OTAN ФРАКЦИЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

20:00, 12 қазан 2021

Сайлауалды бағдарламаның жүйелі орындалуы Мәжілістегі Nur Otan фракциясының бақылауында. Бүгін осы бағдарлама аясында әзірленген жол карта жоспарының орындалуы қаралды. Палата Спикері Нұрлан Нығматулин пандемия жағдайында Үкімет пен мемлекеттік органдар айтарлықтай жұмыс атқарғанын атап өтті. Жоспар көрсетілген мерзімге сай орындалуда. Әйтсе де, жол картада көрсетілген кей салада кемшіліктер жоқ емес. Мысалы, шикізаттық емес экспорт, мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру, шаруа қожалықтарын құруға қатысты сын пікірлер айтылды. Мәжіліс депутаттары қойылған мақсаттарға жету үшін жол картасының тармақтарын уақтылы қаржыландырып, құжаттарды мерзімінде дайындау қажеттігін айтты. Әрі орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын күшейту керек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖАЗУШЫ МЕРЕЙТОЙЫ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
18:53, 22 қараша 2021
ЖАЗУШЫ МЕРЕЙТОЙЫ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
20:44, 23 қараша 2021
ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Толығырақ...