
Өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары республикалық рейтингте бірінші орынға шықты. Өткен айда 116 мыңнан астам тұрғындарға қызмет көрсеткен. Оның ішінде мемлекеттік қызметтің 58 түрі онлайн жүргізілді. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда ақтөбеліктер көлік құралдарын онлайн форматта тіркеу қызметін жиі пайдаланған. Мәселен, 10 мың 200-ден астам көлік иесі жүргізуші куәлігін электронды портал арқылы алмастырды. 65 тұрғын мемлекеттік тіркеу нөмірінің көшірмесін алған.