ШҰҒЫЛ! СOVID-19: 102 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

20:00, 4 мамыр 2021

Өңірге Парламент Сенатының депутаттары Мұхтар Жұмағазиев пен Бауыржан Қаниев келіп, олар мәслихат депутаттарымен кездесті. Басқосуда елімізде қабылданған жаңа заңнамалардың тиімділігі түсіндіріліп, жергілікті мәселелер талқыланды. Кездесуге облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нугманов та қатысты. Айтып өтейік, биыл Сенатта 40 заң қабылданған. Оның ішінде мал ұрлығын болдырмау, ұрлық жасаған адамды жазаға тарту жайы қарастырылған. Сонымен бірге жерді шетел азаматтарына сатуға тыйым салу туралы маңызды сұрақтар да қаралғаны белгілі.  Сенатор Бауыржан Қаниев өңірдегі маңызды мәселелердің бірі ауылдарды газдандыру және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы екенін айтты. "Әр сапарымда бірінші кезекте сумен жабдықтау, газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын, экономикалық тұрғыдан ауылдық жерлердің қалай дамуын егжей-тегжейлі танысуға тырысамын. Біздің облыста барлық бағыт бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатқаны қуантады", - деп атап өтті Сенат депутаты. Сөз соңында облыстық мәслихат хатшысы әріптестеріне сындарлы сұхбаты үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесу тұрақты өтетінін айтты. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
20:00, 14 мамыр 2021
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар