ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТЕ ДАМУ БАР

18:45, 9 желтоқсан 2019

 

Қобдадағы жағымды жаңалықтар легін жалғастырамыз. Бұрын соңды мұнда уқалап-емдеу орталығы болмаған. Барбершоп қызметі де жақында келді. Аудан орталығының жастары кәсіптің жаңа түрін жүзеге асыруда. Жыл басталғалы 56 жас бизенске бет бұрды. Мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланып, өзгелерге де пайдасын тигізіп отыр. Замандастарының тәжрибесі мен табысы өзгелерге үлгі. Келер жылы кәсіп ашуға неитті жастар қатары артып келеді. Бұдан өзге "Бизнестің жол картасы "бағдарламасымен құны 9 млн теңге болатын бір жоба іске қосылмақ. Аудандағы жас кәсіпкерлердің жұмысын әріптесім Ерлан Мұқан көріп қайтты. Барбер мен шаштараздың айырмашылығы неде? Барбершоп басыңыздың пошымы мен пешініне сай етіп шашыңызды ерекше стильде қиып береді. Бұл Айжан Сейілханованың күнделікті ісі. Айжан 3 ай барбер курсында оқып, шаш үлгісінің барлық түрін меңгерген. Туған ауылына келіп ,"Бастау" кәсіпкерлік бағдарламасымен қайтарымсыз грант жеңген. 252 мың теңгеге қажетті құралдарын алып, шағын бизнесін бастады.  Жас кәсіпкер мұнымен шектелгісі жоқ.
АЙЖАН СЕЙІЛХАНОВА
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
 Маусым айынан бастап өз кәсібімді жүргізіп келемін. Келушілер саны көп. Қазір бұл орынды уақытша жалға алып отырмын. Алдағы уақытта жеке  барбершоп орталығын ашқым келеді. Әрі мен кондитермін. Осы салада білім алдым, аздаған тәжірибем бар. Шағын цех ашып, екә кәсіпті жүргізгім келеді.  
Екатерина Алдаберген де мемелкеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр. Қайтарымсыз 505 мың теңгеге ауданда алғаш рет уқалап-емдеу орталығын ашты. Дертіне шипа іздеп келушілер көп. Туа бітті сал ауруына шалдыққан балаларға 50 пайыз жеңілдік бар. Жас кәсіпкер массаж түрлерін Ақтөбедегі медициналық орталықта үйреніп, біліктілігін жетілдірген. 
ЕКАТЕРИНА АЛДАБЕРГЕНОВА
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
 Орталықты кыркүйек айында аштым. Тұрғындар көп келіп жатыр. Зейнет жасындағы және мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдік қарастырылған. Келер жылы кәсібімді кеңейтіп, үлкен орталық ашып, электронды құрылғылар орнатуды жоспарлап отырмын. 
Ауданда кәсіп ашқысы келген жанға  қолдау бар. Жыл басынан бері 87 кәсіпкердің жобасына 400 миллион теңгеге жуық несие берілген. Ал "Еңбек" бағдарламасы арқылы 200-ден астам адам білім алып, жастар іске кірісті. 
СӘЛІМ ҚҰСТҰРТОВ
"АТАМЕКЕН" КӘСІПКЕРЛІ ПАЛАТАСЫ ҚОБДА АУДАНЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қобда ауданында мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ірі қара еті мен сүт өнімдерін өндіруге мол мүмкіндік бар. Осы мақсатта  2 шаруа қожалығына  47 млн теңге несие берілді. Олар жұмысыны бастап кетті. 6 кәсіпкер несиелендіру құжаттарын дайындап жатыр. 

Ерлан Мұқан

 

Тақырып бойынша материалдар

АҒАШТЫ ЗАҢСЫЗ ОТАҒАН МЕРДІГЕРГЕ 4 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
18:44, 22 қаңтар 2020
АҒАШТЫ ЗАҢСЫЗ ОТАҒАН МЕРДІГЕРГЕ 4 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар