
Ал Шалқар ауданында бір баладан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір 7-ші сынып оқушысының жағдайы жақсы, ем қабылдап жатыр. Ал ол білім алған мектеп уақытша карантинге жабылды. Еске салсақ, екінші тоқсанда бастауыш сынып оқушылары мектептің кезекші тобында білім алып жүр. Алдағы уақытта 5-ші сынып оқушылары да қайта партаға отырады.
Облыстағы 432 балабақшада 1641 кезекші топ бар. Онда жиырма мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Санитарлық талап қатаң сақталған. Күн сайын мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ, екінші тоқсанда бастауыш сынып оқушылары кезекші топқа қабылданды. Мұнда ата-ана өтініші ескерілді.
Облыстың бас санитариялық дәрігерінің рұқсатымен екінші тоқсаннан бастап 5-ші сынып та дәстүрлі оқуға көшуі тиіс. Қазіргі кезде 3564 оқушының ата-анасы өз рұқсатын берді. Барлығы 279 кезекші топ ашылады.
Алайда білім беру мекемелерінен де індет жұқтырғандар анықталып отыр.
Бұдан бөлек өңірдегі 13 колледждің 3000-ға жуық студенті штаттық режимде білім алып жүр. Арнайы білім беру мекемелерінде де кезекші сыныптар ашылған.
Жансая Әбдікәрімова